Негізгі бет
Жаңалықтар
07.03.2024 Профессор Сун-ок Меннің Asian Communication бағдарламасы бойынша кезекті дәрісі
2024 жылдың 7 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиясы кафедрасының ұйымдастыруымен шетелдік ғалым, профессор Сун-ок Менің «Asian Communication» бағдарламасы аясындағы кезекті дәрісі өтті.
Дәріс «Еуразия» қорының аясында өтті. Шетелдік профессордың дәрістері халықаралық экономика мен саясаттың түрлі тақырыптарын қамтыды. Дәрістердің мазмұны әртүрлі болды. Мемлекеттің саяси-әлеуметтік, экономикалық жағдайының өзгеріске түсуі ұжымдық сананың қалыптасуына әсер ететіндігіне басты назар аударылды.
Дәріске студенттер, магистранттар, докторанттар және оқытушылар қатысты. Жас ғалымдар тақырып бойынша түрлі сұрақтар қойды.
|