қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
11.03.2024

«Гул сыйлайық анаға» тақырыбындағы мерекелік іс-шара

 

2024 жылдың 7 наурызында «Балаларды ерте дамыту және әлеуметтік педагогикалық қолдау» орталығы Халықаралық 8 наурыз әйелдер мерекесімен Алматы қаласы кітапханалар жүйесінің «Жамбыл Жабаев» атындағы жасөспірімдер кітапханасында қызмет жасап жүрген асыл аналармен ару жандарды құттықтау үшін «Гул сыйлайық анаға» тақырыбында кеш ұйымдастырды.

 

Іс-шараның мақсаты - кітапхана әйел қызметкерлерін мерекемен құттықтау және тығыз кәсіби қарым - қатынас орнату.

 

Кешті ұйымдастырушылыр: «Балаларды ерте дамыту және әлеуметтік педагогикалық қолдау» орталығының студенттері, ортылық жетекшісі философия доктры (PhD), қауымдастырылған профессор м.а. Алимбекова А.А. және Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к., профессор Қыяқбаева Ұ.Қ.

 

«Жамбыл Жабаев» атындағы жасөспірімдер кітапханасы көп жылдан бері мектепке дейінгі ұйымдармен, мектептермен, балалар үйлерімен, жасөспірімдерді түзету орталықтарымен және қарттар үйімен тығыз жұмыс жасап келе жатыр. Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасында ашылған «Балаларды ерте дамыту және әлеуметтік педагогикалық қолдау» орталығының аталған кітапханамен кәсіби қарам-қатыста болу пайдасы өте көп. Кітапхана біздің студенттеріміздің көптеген кітаптармен танысып, білімдерін кеңейтумен қатар, білім беру жүйелеріндегі балалардың ерекшеліктерін, қызығушылықтарын, әлеуметтену үдерісінде болатын әр түрлі мәселелерді тәжірибеде көру арқылы, кәсіби құзыреттіліктерінің дамуына зор ықпал етеді.

 

  alt=  

 

  alt=