қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
15.03.2024

Кірістер басқармасының өкілімен кездесу


2024 жылғы 14 наурызда Абай атындағы ҚазҰПУ қызметкерлері мен Алматы қаласы Медеу аудандық Кірістер басқармасының Өндірістік емес төлемдер және жеке тұлғалар бөлімінің жетекші маманы Жұмабай Ернармен кездесу өтті.

 

Кездесу барысында Қазақстанда 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталғаны, декларациялау кезеңдері туралы, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны 3-кезеңде ұсынуға міндетті тұлғалар туралы ақпараттар айтылып, Кірістер басқармасының маманы қызметкерлердің туындаған сұрақтарына жауап берді.

 

Сондай-ақ, Активтер мен міндеттемелер туралы декларация толтыру (250.00 нысан), Кірістер мен мүлік туралы декларация (270.00 нысан) бойынша және декларация тапсыру мерзімі мен тәртібі туралы, декларация табыс етілген жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша қолда бар активтер мен міндеттемелер туралы қандай мәліметтерді көрсету қажеттілігі жөнінде ақпараттар беріліп, Декларация бойынша нысандарды толтыру тәртібі туралы бейне нұсқаулық көрсетілді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=