қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
01.04.2024

«Абай атындағы ҚазҰПУ хабаршысының  «Арнайы педагогика» сериясында ғылыми журналына мақала жариялау талаптары» тақырыбындағы  шеберлік сабағы

 

2024 жылдың 28 наурызында Педагогика және психология институтында арнайы педагогика кафедрасы аясында құрылған «Жас ғалымдар» клубының ұйымдастыруымен «Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысының  «Арнайы педагогика» сериясында  мақала жариялау талаптары» тақырыбында  шеберлік сабағы өтті.

 

Мақсаты: Іс-шараға қатысушыларды Абай атындағы ҚазҰПУ хабаршысының  «Арнайы педагогика» сериясында ғылыми мақала жазу дағдыларын дамыту,  ресімдеу ережелері және жариялауға қойылатын талаптарымен таныстыру.

 

Шеберлік сабағына арнайы педагогика кафедрасының ПОҚ, студенттері, магистранттары және докторанттары қатысты. Ұйымдастырушылар іс-шара барысында «Арнайы педагогика» сериясына мақала жариялау этикасы, ғылыми мақала жазудың әдістемелік тәсілдері мен рәсімдеу ережелері, мақала жариялау талаптары,  антиплагиаттан кедергісіз өту  жолдарымен таныстырды.

 

Іс-шара барысында «Арнайы педагогика» кафедрасының меңгерушісі А.Аутаева алғы сөз сөйлеп, қатысушыларға кеңестерін айтты. «Жас ғалымдар» клубының жетекшісі, «8D01901-Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасының 2 курс докторанты Г.Ержанова, арнайы педагогика кафедрасының аға оқытушылары А.Кемешова, Ұ.Мирзахмедова баяндама жасап, «Ғылыми мақала жазудың әдістемелік тәсілдері мен рәсімдеу ережелері»; «Арнайы педагогика» сериясының мақсаттары мен бағыттарын талдау» тақырыптары бойынша шеберлік сабағын өткізді, дайын ғылыми мақалалардың құрылымы шағын топтарда талданды.

 

Семинар соңында қатысушылар сұрақтар қойып, ұсыныстар айтты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=