Негізгі бет
Жаңалықтар
05.04.2024 Алматы облысының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды
2024 жылдың 4 сәуірінде Әлеуметтік даму және жастар саясаты жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен «Абай атындағы ҚазҰПУ» КеАҚ және Алматы облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Университет студенттеріне тарихи және мәдени мұраны құрметтеу, мәдени-шығармашылық және әлеуметтік-шығармашылық белсенділік қабілетінің дамуын ынталандыруға бағытталған бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында жасасқан меморандумға Басқарма төрағасы - ректор Болат Тілеп пен Алматы облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Данияр Алиев қол қойды.
Екі бірлестік арасындағы әріптестіктің негізгі мақсаты - еліміздің мәдениетін дамыту саласында тиімді ынтымақтастықты жолға қою арқылы мәдени мұраны зерттеу мен ұлттық құндылықтарды өрістетуге бағыталған істерді бірлесе атқару, өнер адамдарының шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ мәдениетінің дамуын ынталандыруға бағытталған басымдықтарды іске асыру, бірлескен бұқаралық мәдени бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру көздейді.
Іс-шара барысында Алматы облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Данияр Алиев университетке жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай жарық көрген 30 томдық «Жамбыл әлемі» кітабын тарту етті.
Әлеуметтік даму және жастар саясаты жөніндегі департамент
|