қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
05.04.2024

«GrantBoost: ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыруға өтінім беру стратегиялары» воркшоптар сериясы


2024 жылдың 5 сәуірінде «Ғылым декадасы-2024» аясында Abai University GrantBoost: ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыруға өтінім беру стратегиялары воркшоптарының сериясы басталды. Бүгінгі білім және ғылым саласында өзекті болып тұрған тақырыптардың бірі ҚР ҒЖБМ ғылыми жобаларын гранттық қаржыландыру бойынша конкурстық құжаттаманы зерделеуге бағытталғанын хабарлаймыз.

 

Іс-шарада: Ғылым департаментінің директоры, 2020-2022 және 2022-2024 жылдардағы ҚР ҒЖБМ гранттық қаржыландыру жобаларының жетекшісі, 2023-2025 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасының жетекшісі У.М. Абдигапбарова, сондай-ақ Abai University постдокторанттары: 2021-2023 жылдары ҚР ҒЖБМ гранттық қаржыландыру жобасының жетекшісі Ж.Байшемиров және ҚР ҒЖБМ 2022-2024 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру жобасының жетекшісі Н.Шакирова баяндама жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті.

 

Спикерлер жобаны қалыптастыруға, өтінімді ресімдеуге, қаржылық есептеуге және оның негіздемесіне қатысты сұрақтарға жан-жақты, мазмұнды жауап беріп, пікір алмасты. Сондай-ақ, жүйеде құжаттарды тапсыруда кездесетін техникалық мәселелер мен әртүрлі  аспектілерді анықтай отырып, оны шешу жолдарын қарастырды.

 

Аталған воркшоп университеттің профессор-оқытушылар құрамына ҚР ҒЖБМ гранттық қаржыландыруға өтінім беру үдерісін жоғары деңгейде түсінуге көмектесті деп айта аламыз. Сонымен қатар, дүйсенбі күні, яғни 2024 жылдың 08 сәуірінде GrantBoost воркшоптар сериясының жалғасын табатынын және жас ғалымдарға арналған гранттық қаржыландырудың ғылыми жобалары мен «Жас ғалым» бағдарламасы бойынша өтінім мәселелері талқыланын назарларыңызға ұсынамыз. Университеттің барлық жас ғалымдары мен докторанттарын күтеміз!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=