қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
28.01.2021

Хабарландыру!

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 2021 жылдың 28 қаңтары мен 28 ақпаны аралығында бос лауазымдарға қабылдау туралы хабарлайды.


Бос жұмыс орындары: Университеттің Денсаулық сақтау пунктіне мейірбике - 9 штаттық бірлік
Жалақы: салық төлемдерін есептемегенде 95 695 теңге

Қажетті жұмыс өтілі: 1 жылға дейін

Жұмыс кестесі: 09.00-18.00

Толық уақыт, толық жұмыс күні

 

Міндеттері:

- Алғашқы медициналық көмек көрсету;

- Университет білім алушылары мен қызметкерлерінің медициналық тексерістен өту мерзімін бақылау;

- Студенттік жатақханалардың санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуына рейдтер жүргізу;

- Жұқпалы және түрлі аурулардың алдын алу және індетке қарсы шараларды ұйымдастыру және жүргізу;

- Санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын бақылау;

- Бекітілген медициналық есеп және есеп беру құжаттамасын жүргізу;
- Дәрілік заттарға өтінім жасау, олардың жарамдылық мерзімінің сақталуын қадағалау,есепке алу, сақтау және уақтылы толтыру;

- Жедел көмекке арналған алғашқы көмек қобдишасында дәрі-дәрмектердің қажетті мөлшерінің болуын күнделікті бақылауды жүзеге асыру;

- Кабинетте дәрілік заттарды, ерітінділерді сақтаудың дұрыс жағдайларын қамтамасыз ету.

 

Талаптар:

- Аяқталған орта медициналық білім;

- Ұқсас лауазымда 1 жылға дейін жұмыс тәжірибесі болуы;

- Медициналық қызмет көрсету және клиникалық практикаға жіберу үшін мамандығы бойынша маман сертификатының болуы;

- Біліктілікті арттыру туралы куәлігі болғаны жағдайда (соңғы 5 жыл аралығында);

- Жауапкершілік, нақтылық, зейінділік.

 

Біздің байланысымыз: Алматы қ., «Абай атындағы ҚазҰПУ» КЕАҚ (Достық, 13), Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент (300 кабинет). Жұмыс телефоны: 291-83-82; ұялы тел. 87027323777 Меруерт Таджибай