қазақша · русский · english
   
Әлеуметтік -тәрбие қызметі

 

«6М010700 -  Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша магистрлік

диссертацияларының қорғауы өтті 

           23.06.2017ж. Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Өнер, мәдениет және спорт институтының «Бейнелеу өнері және сәндік қолөнері теориясы мен әдістемесі» кафедрасында «6М010700 -  Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша магистрлік диссертациялардың қорғауы өтті. Бітіруші магистранттар С.Д. Айтмұратова, А.К. Дайырбаева, С.Г. Охапова, М.С. Нүрке, А.Б. Досжанова, Б.К. Қыстаубаева  өздерінің ғылыми жұмыстарын қорғады.

          Магистрлік диссертациялар қорғауының МАК төрағасы - п.ғ.д., профессор Г.А. Мұратбаева (ҚазМемҚызПУ).  Комиссия мүшелері: ӨМжС институт директоры п.ғ.д., профессор Н.Е. Исабек, ПиП п.ғ.д., профессор Б.А. Әлмұхамбетов, кафедра меңгерушісі п.ғ.к., қауымд.профессор А.С. Сманова, п.ғ.к., доцент Ш.А. Ақбаева, п.ғ.к., аға оқытушы Р.Х. Қанапьянова, тех.хатшы п.ғ.к., аға оқытушы А.И. Ибрагимов. Сонымен қатар магистрлік диссертациялар қорғауында рецензенттер п.ғ.к., профессор Р.А. Дәрменова (ҚазМеҚызПУ), п.ғ.к., м.а. профессор Н.Б. Рахметова (ҚазМемҚызПУ), п.ғ.к., аға оқытушы  З.Ш. Айдарова және институт ПОҚ-ы қатысты.  

 

 

 

 

 

 

«6М010800 -  Дене мәдениеті және спорт» мамандығы бойынша магистрлік

диссертацияларының қорғауы өтті

         23.06.2017ж. Абай атныдағы ҚазҰПУ-нің Өнер, мәдениет және спорт институтының «Дене мәдениеті және спорт педагогтарын даярлаудың  теориясы мен әдістемесі» кафедрасында «6М010800 -  Дене мәдениеті және спорт» мамандығы бойынша магистрлік диссертацияларының қорғауы өтті. Қорғауға 4 магистрлік жұмыстар ұсынылған:  Ж.Т. Баякеев, Е.Ш. Кәменов,  А.Ж. Серіков, Р.Т. Цуглановтікі. МАК комиссиясы: комиссияның төрағасы  э.ғ.к. Е.К. Діңмуханбетов, п.ғ.д., профессор Г.А. Уманов, п.ғ.д., профессор Қ.І. Адамбеков, б.ғ.д., профессор Л.Р. Кудашева, п.ғ.д., профессор, кафедраның меңгерушісі А.Н. Ільясова; техникалық хатшысы: аға оқытушы Шынар Болатқызы қатысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 жылғы БІТІРУШІЛЕРДІҢ САЛТАНАТТЫ ДИПЛОМДАРЫН БЕРУ 

      15.06.2017ж. альма-матер қабырғасында диплом тапсыру рәсімі өтті.  Абай  атындағы ҚазҰПУ-нің Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры Нұрдаулет Еркінұлы Исабек сырттай бөлім түлектеріне дипломдарын табыстады.

 

 

 

 

 

 

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ АЯСЫНДА ӨТКЕН ШЕБЕРЛІК СЫНАПТАР – 2017

            11.05.2017 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ- нің Өнер, мәдениет және спорт институтының «Бейнелеу өнері және сәндік қолөнер теориясы мен әдістемесі» кафедрасының «ШЕБЕРЛІК СЫНЫПТАР» ашық есік күні өтті. Бүл іс-шара «Сурет», «Кескіндеме», «Матаға жазу», «Киіз басу», «Керамика», «Ағаш өнері», «Өрім өнері», «Металл өңдеу» мамандай пәндер бойынша жұргізілді. Жалпы орта білім беру мектептерінің пән мұғалімдері мен жетекші мамандары оқушылармен осы белгіленген ашық есік күніне қатысты. Олар униветситеттің мұражайына мен институттың шебер дәрістеріне кіріп шықты. Аталған кафедраның профессор-оқытушылар құрамы өздерінің тәжірибелік тағлымдамасымен бөлісті. Келген қонақтарға кафедраның ПОҚ-ы мен студенттер шығармашылық жұмыстарынан галерея ұйымдастырды.

 

 

 

 

 

 

 

ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ - 72 ЖЫЛ

             2017ж. 28 сәуір айында 9-ші Мамыр күніне орай Ұлы жеңістің 72 жылдығына арналған «БАБАЛАР ЕРЛІГІ - ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ» атты Абай атындағы ҚазҰПУ-ң Өнер, мәдениет және спорт институтының «Бейнелеу өнері және сәндік қолөнер теориясы мен әдістемесі» кафедрасының студенттерімен және профессоры Серғазы Құсайынұлы Жаманқараевтың ұйымдастыруымен тәрбиелік  семинары өтті.  Бұл іс-шараға университеттің тәрбие басқармасының өкілі, институт директоры, директордың орынбасарлары, кафедраның меңгерушісі, институт ПОҚ-ы, студенттер, магистранттар мен қонақтар қатысты.

            Студенттердің орындалуында соғыс жылдарындағы әндері мен соғысқа арналған заманауи әндер орындалды, соғысқа арналған өлеңдер, Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың хаттары оқылынды.

 

ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ МҰРАЖАЙЫҢ ҚАТЫСУ

          2017 жылы 16-17 наурыз айында «5В010700 - Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-де өткен IX-ші Республикалық  пәндік  олимпиадасына қатысқан Абай атындағы ҚазҰПУ-ің Өнер, мәдениет және спорт институтының 3-ші курс студенттері Токтарова Меруерт, Ргайбаева Дина, Әсет Ғабит және Шаймұрат Ұлан, Қарағанды қаласының тарихи-өлке тану мұражайына барып шықты.

 

Студенттердің ғылыми жетекшісі,  рухани дем берушісі, мұражайға  бару ұйымдастырушы педагогика ғылымдарының кандидаты, қауым.профессор Шайгозова.Жанна Наурызбайқызы болды.

 

 

 

«5В010700 - «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша оқийтын 2 курс студенттері Рахимжанова Румилями мен Симонова Елена AuroraSpace галереяда 2017 жылы 20 ақпаннаң ашылған атақты қазақстандық суретшінің бірі Сәуле Сулейменованың «Устоять бы на ветре прочищающем ребра» аталатын көрмені аралап келді.
Бұл көрмеге суретшінің «Целлофандық кескіндеме» атты сериясынан жұмыстары қойылған болатын: түрлі түстердің пакеттерін сурет-коллажтар, целлофан ішінен құрылған жұмыстар.

 

 

 

 

Математика, физика және информатика институтының спорт командасы соңғы он жылдың көлемінде жыл сайын өтетін Университеттің « Денсаулық» спартакиадасында 1-3 орындарды иемденуде. Биылғы жылы « Денсаулық-2017» спартакиадасында екінші орынды иемденіп университет әкімшілігінің  марапаттарына(130000 тенге ақша және грамоталар) ие болды. Институт командасына одан әрі табыстар тілейміз.

 

 

 

 

Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік Өнер мұражай залында «Бабалар аңсаған тәуелсіздік» атты көрме ашылды. Көрмеде  осы тақырыптағы республикалық конкурсқа қатысқан шығармашылық жұмыстар ұсынылған. Экспозицияны конкурсқа ұсынылған қазақстандық суретшілердің үздік көркем шығармалары көрмені құрайды.

 

Абай ат. ҚазҰПУ-ң Өнер, мәдениет және спорт институтының студенттері өздерінің ғылыми жетекшісі п.ғ.к., қауым.профессор Ж.Н. Шайгозовамен осы көрмені аралады.

 

 

 

 

2016 жылдың «Ұстаздар күні» мерекесі Өнер, мәдениет және спорт институтының кафедралары бойынша атап өтілді. Аталмыш іс-шараға «Педагог-ұйымдастырушы және бастапқы әскери дайындық» пен «Дене шынықтыру және спорт оқытушыларының даярлаудыңтеориясы әдістері» кафедраларының 1 курс студенттері белсенді қатысып, өздерінің шығармашылық және актерлік шеберліктерін көрсете білді. Ресми құттықтау сөздерін институт басшысы Берікжан Айтқұлұлы Әлмұхамбетов, кафедра меңгерушілері Сайлаубек Тәукеұлы және Алма Нағиқызы Ильясовалар тілектерін білдірді.

 

              

 

              
«Ұстаздар Күні» мерекесіне орай университет ректоры С.Ж. Пірәлиев институттың профессор-оқытушылар құрамының елеулі еңбектері үшін: п.ғ.к., проф. Т.М. Қожағұлов (Шығармашылық мамандықтар), аға оқыт. Б.А. Атамқулов (Бейнелеу және сәндік қолөнер теориясы мен әдістемесі), аға оқыт. Б.А. Бекова (Бейнелеу және сәндік қолөнер теориясы мен әдістемесі), аға оқыт. К.А.Кулатаев (Педагог-ұйымдастырушы және БӘД), қауым.профессоры А.М.Кұмаржанов (Музыкалық білім және хореография), п.ғ.к., қауым.профессоры Ж.Н.Шайғозовалар (Бейнелеу және сәндік қолөнер теориясы мен әдістемесі) марапатталды.

             

 

             

 

             

 

        ЖОО-дағы тәрбие - білім беру мен байланысты  мақсатты көздейтiн жүйелі түрдегі әрекет, әлеуметтiк мәндi қасеттерді, тұлғаның құндылық бағыттарын қалыптастыруға бағдарлануы,  сол сияқты болашақ маман тұлғаның шығармашылық жетiлдiрілуі, жан-жақты гармониялық, рухани, зияткерлiк және дене құрылысының кемелденуi үшін қолайлы жағдайлар жасау.

Кафедраның тәрбиелiк жұмыстарының негiзгi бағыттары мынадай: қазiргi заманғы ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, рухани-адамгершiлiк, отан сүйгiштiк, құқықтық, эстетикалық, кәсiби - шығармашылық және салауатты өмiр салтын қалыптастыратын еңбек,физикалық тәрбиені қамтиды.Тәрбиелiк жұмыстың негiзгi бөлiгі оқу уақытында дәрiстер, практикалық сабақтар (семинар ) жүргiзгенде өтедi.

Абай атындағы ҚазҰПУ-ң Өнер, мәдениет және спорт институының «Бастапқы әскери дайындық теориясы мен әдістемесі кафедрасында 23.02.2016ж. Бауыржан Момышұлының 105 жылдығына арналған дәрісхана ашылды.

2015 жылы ПОҚ, студенттер және магистранттар  арасында  8 желтоқсанында  ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы талқыланды. 

2015ж.10-ші қазан айында Өнер, мәдениет және спорт институтының студенттері мен оқытушылары сенбілік жұмысына белсенді қатысты (Алматы қ. Алмалы аудыны әкімшілік бұйрығы бойынша):