қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
10.04.2024

ChatGPT көмекші педагогикалық платформа ретінде

 

Ғылым онкүндігі аясында Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтының 1-курс студенттерінің қатысуымен 2024 жылдың 9 сәуірінде «Сhatgpt білім беру платформасы ретінде» әдістемелік семинары өткізілді. Іс-шара Педагогика және психология институты, педагогика кафедрасының жұмыс жоспары бойынша өткізілді.

 

П.ғ.к. М.К.Курсабаевтың баяндамасында ChatGPT-ті білім беру мекемелерінің оқу-тәрбие жұмысында көмекші құрал ретінде пайдаланудың педагогикалық және технологиялық мүмкіндіктері таныстырылды. Жарыссөзде баяндаманы талқылау үшін п.ғ.к. Б.Сайдахметов, А.Мұрат («6В01522» Биология-география), Е.Нишанбаев («6В01522» Биология-география), Б.Рахымжанов (6В01515), А.Ақберен (6В01515), Н.Кахар (6В01515) және басқа да спикерлер сөз сөйледі.

 

Іс-шара барысында OpenAI компаниясының Сhatgpt цифрлық өнімдерінің білім беру және тәрбие жүйесіне әсері, нейрондық желілерді кескін редакторы ретінде пайдалану, оқу сабақтарында генеративті интеллектті пайдаланудың артықшылықтары мен қауіптері, LLMs, GAN, Artificial Intelligence in Education (AIEd) платформасының технологиялық мүмкіндіктері, GoogleBard, Gamma, YandexGPT, AishaAI туралы айтылып, Сhatgpt-3,5 көмегімен Арал теңізінің болашағын болжау нәтижелері талқыланды.

 

Нәтижесінде қатысушылар тарапынан мектеп оқулығын, мектеп жасына дейінгі балаларға арналған комикстерді, гаджеттерге арналған қосымшаларды әзірлеу және Сhatgpt феномені туралы ғылыми тезистер мен мақалаларды интерпретациялау туралы ұсыныстар жасалды.

 

  alt=  

 

  alt=