қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
10.04.2024

«GrantBoost:  ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыруға өтінім беру стратегиялары» сериясының қорытынды воркшопы

 

2024 жылдың 8 сәуірінде «Ғылым декадасы-2024» аясында Абай университетінде  ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыруға өтінім беру стратегиялары GrantBoost атты воркшоптарының қорытынды сериясы өтті. Баяндама тақырыптары үш бөлімді қамтыды: 1) жас ғалымдарға арналған гранттық қаржыландыру конкурсына ғылыми жобаларға өтінім беру, 2) «Жас ғалым» гранттық қаржыландыру конкурсы, 3) АҚ «ҰМҒТСО»  жүйесіне деректер мен құжаттамаларды жүктеу үдерісі.

 

Іс-шарада гранттық қаржыландыру жобаларының жетекшілері және/немесе орындаушылары болып табылатын Абай университетінің постдокторанттары: Нұрбол Үсенов, Азиза Жүнісбекова және Ақерке Өмірбекова жастарға арналған конкурсқа өтінімді қалыптастыру стратегиясы туралы; Ербол Тілеуберді, Жанагүл Сәметова және Меруерт Иманқұлова «Жас ғалым» гранттық қаржыландыру конкурсы туралы; ал Дамира Советканова өтінім мен құжаттарды электрондық жүйеге жүктеу үдерісін баяндап, көрсетті.

 

Воркшоп барысында спикерлер жас ғалымның ғылыми жобаларын дұрыс ресімдеуге және ғылыми-зерттеу жұмыстарының деңгейін, ғылыми-техникалық әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін жобаны қалыптастыруға, өтінімді ресімдеуге, қаржылық құрамдас бөлігін есептеуге және оның негіздемесіне қатысты сұрақтарға жан-жақты, мазмұнды жауап берді.

 

Университеттің магистранттары, докторанттары мен жас зерттеушілері кездесудің маңыздылығын ерекшелеп көрсетті, сондай-ақ бұл жас мамандарды қолдау, оларды ғылыми жетістіктерге

ынталандыру және оларға ғылыми мансабының бастамасында көмек ретінде жақсы мүмкіндік екендігін атап өтті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=