қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
11.04.2024

Ғылым декадасы-2024: Абай университетінің ғалымдарын марапаттау

 

2024 жылдың 11 сәуірінде Ғылым декадасы аясында Абай университетінің ғалымдарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Іс-шарада ғалымдарға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі, Құрмет грамотасы және Алғыс хаты табыс етілді.


Ректор Болат Тілеп ғалымдарды кәсіби жетістіктерімен құттықтап, әріптестерінің университеттің ғылыми әлеуетін нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады. Еліміздің педагогикалық білімінің флагманы болып табылатын Қазақстанның тұңғыш жоғары оқу орнының зерттеу педагогикалық университеті мәртебесіне қол жеткізудегі ғалымдардың рөлі ерекше атап өтілді.

Іс-шара барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен инновация және нанотехнологиялар зертханасының меңгерушісі Виктор Лысенко; Құрмет грамотасымен профессор Айнұр Сагимбаева, доцент Рысгүл Оспанова, PhD доктор Оңал Абишева, саяси ғылымдарының докторы Жомарт Симтиков, педагогика ғылымдарының кандидаты Турархан Жундыбаева; Алғыс хатпен доцент Бақытгүл Киясова, PhD докторлар Дина Сабирова, Баян Сапарғалиева, Жаңакүл Саметова, Нұрбол Үсенов, Ернар Оспанкулов, магистр Ақтлек Ахметова марапатталды.


Бұл айтулы оқиға Абай университетіндегі ғылыми зерттеулердің маңыздылығын және оның нәтижелерін мемлекеттік органдардың тарапынан жоғары бағаланғанын көрсетеді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Қоғаммен байланыс департаменті