қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
15.04.2024

ҚР педагогикалық жоғары оқу орындарында арнайы педагогтарды даярлаудағы ынтымақтастығы (коллаборация)

 

2024 жылдың 10 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ «Педагогикалық Ғылымдар» білім беру саласы бойынша оқу-әдістемелік бірлестігі «ҚР педагогикалық жоғары оқу орындарында арнайы педагогтерді даярлаудағы ынтымақтастығы (коллаборация)» тақырыбында әдістемелік көпір ұйымдастырды.

 

Әдістемелік көпірді жүзеге асыруға ҚР ҒЖБМ, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы, білім беру бағдарламаларының басшылары, бөлім басшылары, арнайы білім беру ұйымдарының директорлары, стейкхолдерлер және т.б. қатысты.

 

Модератор А.Н.Аутаева қатысушыларды болашақ арнайы педагогтарды (дефектологтарды) даярлау саласында білім беру қызметін жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының өзара әрекеттесу тәжірибесін талдау және жалпылау мақсатында ұйымдастырылған әдістемелік көпірдің өткізілу формасы және бағдарламасымен таныстырды.

 

Мәжілісті Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Б.М.Нарбекова ашты. Мәжіліс барысында ҚР оқу-ағарту министрлігінің инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің директоры м.а. Л.А.Бутабаева, Абай атындағы ҚазҰПУ педагогика және психология институтының директоры Г.А.Абаева, профессор-зерттеуші, психология ғылымдарының докторы Н.Б.Жиенбаева, профессор-зерттеуші, педагогика ғылымдарының докторы, З.А.Мовкебаева, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті педагогика және психология институтының директоры Г.С.Оразаева, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент А.М.Нурбекова (М.Ауезов атындағы оңтүстік Қазақстан университеті), педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Г.Е.Санай (М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті) арнайы педагогтерді даярлаудың түрлі бағыттары бойынша баяндады.

 

  alt=