қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
17.04.2024

Абай университеті студенттерінің Астана мектептеріндегі практикалық сабақтарының барысы


Елордада өндірістік іс-тәжірибеден өтіп жатқан 4 курс білім алушыларының сабақ барысын тексеріп, әдістемелік көмек беру мақсатында Жаратылыстану және география институты «Биология» кафедрасының аға оқытушысы Гүлжанат Камиева, Филология институты «Шетел тілі» кафедрасының аға оқытушы Шолпан Cултанкулова, Математика, физика және инсформатика институты «Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Акмарал Сугирбекова 2024 жылғы сәуірдің 7-13 аралығында Астана қаласы Білім басқармасына қарасты орта білім беру ұйымдарында болып, іс-тәжірибе барысын қадағалап қайтты.

 

Қоғаммен байланыс департаментінің видео-операторы Олжас Акмамбетов өндірістік іс-тәжірибе туралы қысқаша фильм түсіру мақсатында білім беру ұйымдарының ұжымымен болған кездесулерді, олардан алған сұхбаттарды, білім алушылардың сабақтарын және олар ұйымдастырған іс-шараларды фото-видеоға түсірді.


Астана қаласы білім беру ұйымдарының басшылығы мен іс-тәжірибе жетекшілері Абай университетінің студенттерінің теориялық білімдерінің, әдістемелік дайындығының және өз істеріне жауапкершіліктерінің өте жоғары деңгейде екенін атап өтті. Студенттердің әр сабағына тыңғылықты дайындалып, заманауи цифрлық технологияларды кеңінен қолданатынын, оқушылармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайтынын айтып, студенттерге өз білім беру ұйымдарында жұмыс жасауға қалуына ұсыныс білдірді.

 

Елордада өндірістік тәжірибеден өтіп жатқан Абай университетінің студенттерінің 55-60 пайызы Астана қаласында еңбек жолын бастауға талап білдіріп отыр.

 

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=