қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
29.11.2017

 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының қорына

студент-жастардың саяхаты


2017 жылдың 27 қарашасында 1-желтоқсан Президент күні мерекесі қарсаңында ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық институтының Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының профессоры Несібелі Калкаева мен  «5В030100-Құқықтану» мамандығының студенттері Сүлеймен Демирель университеті мен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының қоры ұйымдастырған «ҚР қалыптасуындағы Президенттік Институттың орны мен рөлі» атты  дөңгелек үстелге қатысып қайтты.

 

Дөңгелек үстел жұмысының мақсаты - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тәуелсіз мемлекет орнату жолындағы ерен еңбегін, көшбасшылық дарынын, Президенттік институттың орны мен рөлін ашып көрсету болды.

 

Іс-шараны Ұлт Лидері - Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті қорының Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, профессор  -  Махмут Томанов ашып, келген қонақтарға ризашылығын білдірді.

 

Сүлеймен Демирель университетінің Құқықтану кафедрасының меңгерушісі, профессор  Күлтай Адилова ханым«Қазақстан республикасыныңың қалыптасуындағы Президенттік институттың ролі» атты өз баяндамасын жасап, сұрақтарға жауап берді.

 

Дөңгелек үстел барысы ашық пікір-талас ретінде өтіп, Президенттік институттың атқарылған жұмыстары жөнінде түрлі сауалдар жолданып,  жауаптар алынды. Шараға қатысқан қонақтар мен студенттерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының қоры атынан сертификатпен және алғыс хаттар табысталды.        

 

Іс-шара қорытындысында студент-жастар «Н.Ә. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» жылжымалы көрмесін аралап, экскурсия жасап, Елбасының  саяси және ел басқару тәжірибесімен, тұлғалық қырларымен жан-жақты танысты. Қазақстан Республикасының қалыптасуындағы Президенттік Институттының атқарылған жұмыстары жөнінде жасалған баяндамалар мазмұндылығымен назар аударды.               

 

  

 

  

 

 Тарих және құқық институты