Негізгі бет /
БАҚ біз туралы
19.04.2024 Алматыда Қазақстан мен Испанияның білім саласы өкілдері бас қосты
Мақсат - Қазақстан мен Испания арасындағы ғылым және жоғары білім саласындағы ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін талқылау.
Абай атындағы ҚазҰПУ-да Қазақстан және Испанияның Ғылым және жоғары білім министрліктерінің ұйымдастыруы және мемлекет елшіліктерінің қолдауымен «Қазақстан-Испания - Жоғары білім саласындағы ынтымақтастық» халықаралық семинары өтті. Іс-шара екі елдің бірқатар білім беру мекемелері мен ұйымдары өкілдерінің басын қосты. Бұл - ғылым мен білім саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Семинарға SEPIE директоры Альфонсо Хентиль, «Болашақ» ХБО Басқарма төрағасының орынбасары Арман Ашкин және Абай университетінің басшылығы қатысты.
Мақсат - Қазақстан мен Испания арасындағы ғылым және жоғары білім саласындағы ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін талқылау. Семинар қатысушыларына Абай университетінің академиялық қызмет жөніндегі проректоры Бану Нарбекова құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесі мен ұлттық басымдықтарға шолу жасап, екі ел ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті. SEPIA директоры Альфонсо Хентиль өз кезегінде жоғары білім беру контексті мен Испанияның басымдықтары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Бұл семинарға қатысушыларға екі мемлекеттің білім беру жүйелерінің ерекшеліктерін жақсы түсінуге мүмкіндік берді.
Іс-шараға қатысушылар бұл семинардың екі ел арасында тәжірибе мен білім алмасудың бірегей мүмкіндіктерін ашатынын атап өтті. Мұндай кездесулер өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтып қана қоймай, инновациялық зерттеулерді ынталандыру және академиялық байланыстарды кеңейту арқылы жоғары білім мен ғылымның дамуына ықпал етеді.
19.04.2024 Ақпарат көзі: turkystan.kz |