қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
22.04.2024

Халықаралық экологиялық марафон


2024 жылы 15 сәуірде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ұйымдастыруымен «Арал теңізі экожүйесін сақтап қалу» мәселесіне арналған халықаралық конференция өтті. Конференцияға Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының экспорты Осама Али Махир мырза (Египет), Адам Мицкевич университетінің профессоры Петр Климашик (Польша), Онтүстік Батыс Цзятонский университетінің профессоры С. К. Кривоногов, «Environmental engineering» университетінің профессоры Zhao Хіaoya (КНР), профессор Снозанина Леруа (Франция),- Эволюция университетінің зерттеушісі Себастьян Жуаннин (Канада) және Өзбекстан, Азербайжан, Түркменстан, т.б. мемлекеттерден делегаттар қатысты.

 

Іс-шарада алғаш сөз алған Қорқыт Ата университетінің ректоры Б.С. Каримова қонақтарды таныстырып болған соң, сөзді шетелдік қонақтарға берді. Профессорлар Осан Али Махир, Петр Ка Климашик, Zhao Xiaоуан, тағы басқалар экологиялық апаттарды қорғауда мемлекетаралық шекара болмайтынын, оның халықаралық ортақ проблема екенін баса айта келіп, барлық қатысушыларды Аралды қорғау мәселесіне назар аударуға шақырды. Ол үшін бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ), ЮНЕСКО және т.б. халықаралық ұйымдарды тарта отырып, «Халықаралық Аралды қорғау қорын» қарастыруды ұсынды.

 

Әсіресе, Польшаның Лимнологиялық қоғамының президенті, профессор Петр Климашик Арал әлемге ортақ проблема екенін айта келіп, бір орталыққа бағындырылған халықаралық «Арал экожүйесін құтқару» ғылыми-экологиялық орталық ғылыми жоба жасауды бүгіннен бастап қолға алуды ұсынды. Ұсыныс қатысушылар тарапынан бірден қолдау тауып, шешім кабылданды. Сол сияқты Zhao Xiaоуан, С. Леруа, С. Жуаннин өз сөздерінде «Халықаралық экологиялық марафон» жұмысына ризашылық сезімдерін жеткізіп, бұл мәселеге Орта Азия мен Қазақстанның жоғары оқу орындарының ғалым-зерттеушілерін тарту және белсенділік көрсетуге шақыру туралы ұсыныс білдірді. Шетелдік конақтармен бірге сөз алған отандық зерттеуші ғалымдар да өз пікірлерін айтты. Соның ішінде Абай атындағы ҚазҰПУ-нен арнайы шақырылған профессор, жетекші зерттеуші эколог Ж.Б.Шілдебаев өз сөзінде Арал проблемасын зерттеуде Қорқыт Ата университетімен 20 жылдан астам бірлестікте жұмыс жүргізіп келе жатқанын сөз ете келіп Арал өңірі туралы зерттеулер нәтижесінде 3 томдық «Қызылорда облысының географиясы, өсімдігі мен жануарлар экологиясы» және «Экология және тұрақты даму» туралы оқулықтың жарық көргенін, сол сияқты магистрлер мен докторанттардың дипломдық дисертациялық жұмыстарының Арал проблемасын көтеру мәселесіне арналып келе жатқанын атап өтті.

 

Кездесу қорытындысында шетелдік және отандық зерттеуші ғалымдардың конференцияда айтылған ұсыныстары бойынша шешім төмедегіше қабылданды:

 

1. Халықаралық экологиялық марафон жұмысы нәтижелі аякталды. Кезекті конференция марафоны Өзбекстан мемлекетіне жүктелсін;
2. Арал экожүйесін зерттеудің Халықаралық орталығы ашылып, оның құрамы бекітілсін.


Қазақстандағы су тасқаны кезенде, яғни Арал проблемасының халықаралық денгейде көтерілуі көпшілік қауымға туған өлкенің, табиғатын қорғау әрбір саналы азаматтардың патриоттық сезімін оятары сөзсіз.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ «Арал экожуйесін зерттеудің халықаралық орталығы» ұйымының белсенді мүшесі болып сайланғанын атап өту керек.

 

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=