қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
22.04.2024

Балаларға қатысты буллингтің өзекті аспектілерін зерттеу және алдын алу шараларын ұйымдастыру

 

2024 жылдың 15-18 сәуір аралығында «Балаларға қатысты буллингтің өзекті аспектілерін зерттеу және алдын алу шараларын әзірлеу» жобасы шеңберінде Абай университетінің Педагогика және психология институты «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының PhD, қауымдастырылған профессоры Әлімбекова Анар және Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетінен келген психология ғылымдарының кандидаты Өтемісова Гүлмира «Буллинг және кибербуллинг: алдын алу әдістері және оны жеңу жолдары» тақырыбында Алматы қаласының мектеп оқушыларына арналған тренингтер және сынып жетекшілері мен практиканттарға арналған шебер сыныптар өткізді (Алматы қ. мектеп-гимназия №202, №173 мектеп-лицей).

 

Мақсаты - мектеп оқушыларына буллингтің түрлерін білуге, буллинг пен кибербуллингті тануға және күресу мен алдын алуды үйрету, практикант студенттерге нақты жұмыс технологиясын көрсету және мектеп педагогтері мен психолотарымен өзара тәжірибе алмасу.

 

Қатысқандар 3; 7 және 10 сынып оқушылары, «6В0180 - Әлеуметтік педагогика» мамандығының 3 курс студенттері (практиканттар) және сынып жетекшілері, әлеуметтік педагогтері мен психологтары.

 

Шебер-сыныптар мен тренингтер жағымды достық атмосферада өтті, тәжірибелік форматтағы презентация, бейнефильмдерді көру және талқылау арқылы буллинг пен кибербуллингтің құрылымы мен салдары, олардан қорғану және алдын алу, буллинг пен кибербуллингке қатысушылардың психологиялық-педагогикалық сипаттамалары туралы ақпарат берілді. Тренинг барысында ортаға бейімделе алмай жүрген және оқшауланған балалар анықталды. Ойындар арқылы оқушылардың қызығушылықтары артып, бір-бірімен тығыз араласуға мүмкіндік алды. Іс-шарада барысында өткен тренингтер сынып ұжымының психологиялық ахуалының реттелуіне оңтайлы жағдай жасалуына ықпал етті. Соңында оқушыларға және олардың ата-аналарына буллинг (кибербуллинг) және оны алдын алу бойынша жаднама таратылды.

 

  alt=  

  alt=  

  alt=