қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
11.02.2021

«Жазу реформасы: латынграфикалы жаңа әліпби және оның қолданысы» дөңгелек үстелі өтеді

 

2021 жылы 12 ақпанда сағат 15.00-де ZOOM платформасында «Латын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «ЖАЗУ РЕФОРМАСЫ: ЛАТЫНГРАФИКАЛЫ ЖАҢА ӘЛІПБИ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОЛДАНЫСЫ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіледі.

 

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты - латын графикасы негізіндегі қазақ тілі әліпбиін жетілдіру бойынша халық арасында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, соңғы әліпби нұсқасын талқылаудан өткізу.

 

Модератор - Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы «Латын» ғылыми-практикалық орталығының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, профессор Фаузия Оразбаева. Талқылау барысында А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжанова, профессор Әлімхан Жүнісбек, профессор Айман Алдашева және ф.ғ.д. Құралай Күдеринова баяндама жасайды.

 

Іс-шараға ЖОО оқытушылары, мектеп мұғалімдері, «Өрлеу» БАҰО орталығының тренерлері, ұстаздар, магистранттар және докторанттар қатысады.

 

Дөңгелек үстел идентификаторы: 782 570 9441


Кіру коды: 70QQvQ

 

Сілтемесі:

https://us04web.zoom.us/j/7825709441?pwd=YUVGUGZmTEl4OWFjVncxaEFPeCtrZz09