қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
23.04.2024

Абай университетінің өкілдері ETEN конференциясында


2024 жылдың 17-19 сәуір аралығында Нидерландыдағы Ливарден қаласында NHL Stenden Applied Science университетінде жыл сайынғы ETEN (European Teacher Education Network) конференциясы өтті. Конференцияның бірінші күні Ғылым департаментінің директоры Ұлжаркын Абдигапбарова, жобалық кеңсенің жетекшісі Мадина Молдағали және постдокторант Динара Сәдірбекова бастаған Абай университетінің делегациясы әлемнің 65 жетекші университеттерінің өкілдерінен тұратын ETEN алқасының құрамына университет қызметімен таныстырып, жетістіктері туралы ақпарат ұсынды. Нәтижесінде университет ETEN мүшелігіне қабылданды!

 

ETEN (European Teacher Education Network) - білім беру саласындағы ынтымақтастық, тәжірибе алмасу, зерттеулер мен жарияланымдар үшін маңызды қауымдастық. Ол 1988 жылы құрылған және халықаралық деңгейде педагогикалық саланың дамуына белсенді ықпал етеді. ETEN-ге кіру Erasmus+, DAAD сияқты бағдарламалар, сондай-ақ қауымдастық ұсынатын басқа да халықаралық зерттеу және білім беру бастамалары арқылы білім беруді дамытуға белсенді қатысу мүмкіндіктерін кеңейтеді.

 

Сонымен қатар, конференция барысында Science, Technology and Mathematics in the Digital Era тақырыптық тобында AP19680443 «Қазіргі университеттің білім беру ортасын гибридті модельдеу» ҚР ҒЖБМ гранттық қаржыландыру жобасы аясында «Psychological Assessment of the hybrid learning technology usage» баяндамасы ұсынылды. Тақырып аудиторияның қызығушылығын тудырды, оның барысында әртүрлі университеттерде гибридті оқыту әдістерін енгізу деңгейі бойынша сұрақтар қойылып, пікірталас өрбіді.

 

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=