қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
29.04.2024

«Өсу нүктесі, трансформациялау кезеңі» халықаралық семинары


2024 жылдың 26 сәуірінде Педагогика және психология институты «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Гүлбану Абитова мен қауымдастырылған профессор м.а. Асем Булшекбаевалар Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының РМК «Қарлығаш» балабақшасында өткен «Өсу нүктесі, трансформациялау кезеңі» халықаралық семинар жұмысына қатысып, университет тәжірибесімен бөлісті.

 

ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасы» ШЖҚ РМК директорының м.а. Алма Карабаева «Қарлығаш - жаңа форматтағы балабақша» атты танымдық экскурсия ұйымдастырды.

 

Халықаралық семинар 3 секция алаңында ұйымдастырылды: 1. Коммуникациядағы тиімді тәжірибелер, 2. Денсаулықты нығайту векторлары, 3. Қызығушылық танытқандарға арналған білім.

 

Семинар барысында мектепке дейінгі ұйымда этномәдени модельдеу- «Хромакей» студиясы - балалар шығармашылығын дамытуға арналған алаң- «Storytelling» - тиімді байланыс технологиясы, - «Сорси» мектеп жасына дейінгі балалардың физикалық дамуының интегративті құралы ретінде- Макото Шичида әдістемесі бойынша данышпандарды тәрбиелеу - «Инклюзивті бағдар», - «Кванториум» - балаларды ашу зертханасы- «Робо жобалар», - үйдегі ақылды ойындар- «Regio -интеллекті дамыту» мәселелері талданып, тиімді тәжірибелер назарға алынды.

 

Сонымен қатар, мектеп жасына дейінгі балаларға арналған еркін ойын әрекеттері, белсенділік орталықтары көрсетілді. Экскурсия барысында балабақша педагогтері дайындаған арнайы шеберлік сабақтар өткізді.

 

Халықаралық семинарға отандық педагогтермен қатар Қырғызстанның мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.

 

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=