Негізгі бет
Жаңалықтар
02.05.2024 «Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда нейродидактикалық тәсілдерді қолдану»
2024 жылдың 30 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ мен Алматы қаласы, Алатау ауданы №185 жалпы білім беретін мектебі арасындағы ынтымақтастық негізінде мектеп базасында өткен озық тәжірибесі жинақталған тренерлер корпусының онкүндігі аясында «Бастауыш білім беру» кафедрасының оқытушылары п.ғ.к., қауым.профессор м.а. Базарбекова Р.Ж. және PhD, қауым.профессор м.а. Умирбекова А.Н. «Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда нейродидактикалық тәсілдерді қолдану» тақырыбында аталған мектеп мұғалімдеріне семинар - тренинг жүргізді. Семинарға 50 ге жуық мектеп мұғалімдері мен бастауыш білім беру кафедрасының практикант студенттері қатысты. Семинар барысында №185 жалпы білім беретін мектебінен шебер - педагог Фарида Жасыбаева өзі сабақ беретін бастауыш сыныптарда нейродидактикалық тәсілдерді қолдану тәжірибесімен бөлісті.
|