қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
02.05.2024

Өзбекстан қалаларында кәсіптік бағдар беру жұмыстары өткізілді

 

2024 жылдың 21-30 сәуірі аралығында Абай университетінің өкілдері Жоғары білім министрлігінің көмегімен «My fair» компаниясы Өзбекстанның Ғылым және инновациялар, Мектепке дейінгі және мектепке дейінгі білім беру министрліктерімен және білім беру саласындағы басқа да ұйымдардың қолдаумен ұйымдастырған Навои және Нөкіс қалаларында өткен «Білім және кәсіп» халықаралық білім көрмесіне қатысып, Абай университетінің білім беру бағдарламалары мен студенттік өмірдің тұсаукесерін өткізді.

 

Өзбекстанға сапар барысында өкілдер Науаи облысының Тамды, Үшқұдық және Кенимех аудандарында болып, Зарафшан қаласындағы, Қарақалпақстанның Хожели, Тахтакөпір және Қоңырт аудандарындағы қазақ диаспорасының көп өкілдері оқитын мектептерді аралады. Қазақ мектептерінің түлектерімен кездесу барысында өкілдер ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Қандастарға» арналған стипендия мен квоталық бағдарламалары туралы айтып, ҰБТ-ға кезең- кезеңімен тіркеу және тапсыру жолдарын түсіндіріп, университетіміздің білім бағдарламаларымен таныстырды. Сонымен қатар, Қазақстан үкiметiнiң «қандастарға» арналған стипендиялық және квоталық бағдарламалары туралы толығырақ айтып, Қарақалпақстандағы қазақ мектептерінің түлектері хабарлауды өтiніп, Қарақалпақстан Республикасы Мектепке дейінгі және мектепте білім беру министрі Хожабаева Гүлистанмен, аудандық білім бөлімдерінің басшыларымен және мектеп директорларымен бірқатар кездесулер өткізді.

 

  alt=  

  alt=