қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
05.10.2013

Мұғалімдер күніне арналған салтанат

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде мұғалімдер күніне байланысты  салтанатты жиын болып өтті.

Университеттің   бірінші поректоры  Мүбәрак Ермағанбетов профессор-оқытушылар құрамын  кәсіби мерекелерімен құттықтай келіп,  оқу орнының бәсекге қабілетті мамандар даярлау, студенттерге сапалы білім, саналы тәрбие беру жөніндегі  қол жеткізген табыстарына тоқталды. Үстіміздегі жылы құрылғанына 85 жыл толып отырған  қазақ жоғары білімінің  қара шаңырағы осы уақыт ішінде елімізге 150 мыңға жуық мұғалімдер, 3 мыңнан астам ғылыми кадрлар  даярлап шығарды.  Тек үстіміздегі жылы ғана  қала мен дала мектептеріне 3 мың маман жіберілді.  Жыл өткен сайын университеттің халықаралық рейтингідегі орны  жоғарылап келеді.  Еліміздегі педагогикалық жоғары оқу орындары ішінде  Абай атындағы ҚазҰПУ бірінші орында нық тұр.

         «Халықаралық инновациялық технологияларды батыл енгізу, білім сапасын жақсарту жолындағы табыстарымызда осы отырған барлығыңыздың өзіндік үлестеріңіз бар», - деген Мүбарак Ермағанбетов ұстаздар қауымына алғыс айта келіп, озат мұғалімдерге ректордың Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын және «Үздік қызметкер» төсбелгісін тапсырды.

 

Баспасөз орталығы