қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
03.05.2024

«Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» байқауы


2024 жылдың 30 сәуірінде Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасындағы «Жарнама - тіл тазалығының көрінісі» тақырыбы аясында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Филология институты қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен студенттер арасында конкурс өтті.


Абай атындағы ҚазҰПУ, Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Н.Ә.Ильясова өз кезегінде бүгінгі өткізіліп жатқан конкурстың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы Заң талаптарының жүзеге асырылуына студенттердің үлесін қосу, - деп атап өтті.


Конкурстың міндеттері:
- мемлекеттік тілді дұрыс қолдануды насихаттау;
- қоғамдық орындар мен мекемелердегі сауатсыз жарнамаларды анықтап, тиісті орындарға түзетілген нұсқасын ұсыну;
- жарнаманың негізгі мақсаты мен мәніне қарай түрлерін ажыратып, тілдік ерекшеліктеріне талдау жасау.


Конкурстың жұмыс тәртібі:
І тур: қоғамдық орындар мен мекемелердегі қазақ тілінде қате жазылған жарнамаларды жинау, суретке түсіру, мекен-жайын көрсету;
ІІ тур: қате жазылған жарнамалардың дұрыс, әрі ұтымды нұсқасын анықтау, тиісті мекемелерге ұсыну, нәтижесін көрсету;
ІІІ тур: қате жазылған жарнамаларға лингвистикалық талдау жасау, жоба түрінде қорғау.

 

Байқауға алты команда қатысты. І, ІІ, ІІІ тур нәтежелері бойынша, «Сөзтүзер» тобы 1- орын иеленді. (жетекшісі аға оқытушы Қ.Ш.Балабекова) «Тіл сақшылары» тобы 2-орын иеленді. (жетекшісі аға оқытушы Қ.О.Сейталиева) «Алаш айнасы» тобы 3- орын иеленді. (жетекшісі PhD доктор Г Дюсембина).


Конкурс Алматы қалалық әкімі аппараты, «Тілдерді дамыту және ономастика» бөлімімен бірлескен жұмыс түрінде өтті. Алматы әкімдігінің тілдерді дамыту және онамастика бөлімінің басшысы Бақыт Қалымбет мен Ардақ Әділғазықызы жарнама тілінің тазалығы төңірегінде ауқымды мәселелердің өзектілігін, жарнама жасау үшін қандай мамандар қажеттігін, жарнаманың күрделі құбылыс екенін айтып, студенттердің жарнама тіліне байланысты ізденістеріне, патриоттық сезіміне, ғылыми тұжырымдарына ерекше тоқталды. Әділ қазылар алқасы бүгінгі іс-шараға қатысқан команда мүшелеріне, жетекшілеріне ерекше алғыс білдірді.

 

  alt=