қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
07.05.2024

Абай университетінің студенттері «Д.Қонаев музей-үйіне» барды

 

2024 жылдың 6 мамырында Әлеуметтік даму және жастар саясаты жөніндегі департамент пен Педагогикалық шеберлік академиясының тәлімгерлік мектебінің ұйымдастыруымен «Алматы музейлеріне саяхат» атты тәлімгерлік жобасы басталды.


Жоба аясында бүгін Математика, физика және информатика институты мен Өнер факультетінің студенттері Кеңестік мемлекет және Қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаев атындағы «Д.Қонаев музей-үйін» тамашалауға барды.


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Алматы қаласы Мәдениет басқармасының арасындағы Ынтымақтастық меморандум аясында білім алушылар музейге қырық пайыздық жеңілдікпен кірді.


Жобаның мақсаты - шалғай аймақтардан келген студенттерді Алматының бай тарихы, құнды мәдениеті мен асыл руханияты жинақталған рухани-материалдық құндылықтарымен таныстыру, білім алушылардың мәдени әлеуетін күшейту, тұлғалық-азаматтық қасиеттерге тәрбиелеу, жас көрерменнің музейге бару мәдениетінің қалыптастыру болды.


«Алматы музейлеріне саяхат» тәлімгерлік жобасы 06-25 мамыр аралығында өз жалғасын табады. Арнайы жоба аясында университеттің 1-2 курс студенттері «Алматы қаласы музейлер бірлестігіне» қарасты Алматы қаласы тарихы музейі, Ықылас атындағы Халық музыкалық аспаптар музейі, Д.А.Қонаев музейі, Н.Тілендиев мемориалдық музейі, С.Мұқанов және Ғ.Мүсірепов атындағы әдеби мемориалдық музей кешені, Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы, Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйі экспозицияларымен танысуға барады.

 

  alt=  

 

Әлеуметтік даму және жастар саясаты жөніндегі департамент