Негізгі бет
Жаңалықтар
04.05.2024 «Қазақстандық «Бабалар аманаты» этнографиялық дизайн одағы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған көрме
«Қазақстандық «Бабалар аманаты» этнографиялық дизайн одағы» қоғамдық бірлестігі осыдан бес жыл бұрын құрылып, республика көлемінде шығармашылықпен айналысатын көркем еңбек пәні мұғалімдері мен кәсіби суретшілердің басын қосып, елімізде өтіп жатқан мәдени іс-шаралардан тыс қалмай, көрмелер өткізумен қатар ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейде дәріптеп келеді.
Аталған қоғамдық бірлестіктің президенті, университет түлегі, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі, Алматы қаласы №148 мектеп-гимназияның көркем еңбек пәнінің зерттеуші-мұғалімі Қанағат Көдековтің бастамасымен 2024 жылғы 3 мамырда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Өнер, мәдениет және спорт институтында «Қазақстандық «Бабалар аманаты» этнографиялық дизайн одағы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері, республика мектептерінің көркем еңбек пәні мұғалімдерінің, Алматы қаласы Сән және дизайн колледжінің ұстаздарының қатысуымен этнографиялық дизайн сән үлгісі «Адырна» ұлттық қолөнер көрмесі «Жасампаз» галереясында өтті. Көрмеде шығармашыл ұстаздар өздерінің әр түрлі жанрдағы қолөнер туындыларын таныстырып, тәжірибелерімен бөлісті.
Көрменің мақсаты - республика көлемінде шығармашылықпен айналысып жүрген ұстаздардың еңбектерін, қазақ халқының ұлттық қолөнерін дәріптеу, насихаттау.
|