қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
10.05.2024

Жапониядан келген профессордың ашық дәрісі өтті


2024 жылдың 10 мамырында Абай Университетінде Жаратылыстану және география факультеті, химия кафедрасының ұйымдастыруымен Жапонияның Тохоку университетінен келген ғалым Нұрбосын Жанпейісовтың "Кластерлік есептеулер негізінде жаңа энергетикалық материалдарды құру" тақырыбында ашық дәрісі өтті. Дәріске факультет ұстаздары, магистранттар мен докторанттар қатысты.

 

Кездесу барысында Нұрбосын Жанпейісов Қазақстан мен Жапонияның білім саласындағы өзіндік ерекшеліктеріне тоқталып, өз зерттеулерін жүргізудегі тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, табиғат пен қоршаған ортаға зиян келтіретін химиялық элементтер, оларды Жапон ғалымдары адам пайдасына қалай асырып жатқанын әңгімелеп, күн сәулесі және оны тиімді пайдалану әдістерімен бөлісті.

 

Ашық диалог форматында өткен дәріс қатысушыларға белсенділік танытып, пікір алмасуға мүмкіндік берді. Дәріс соңында қатысушылар лекторға өздерін қызықтырған сауалдарды қойып, нақты жауаптар алды.

 

Жапониядан келген профессор Абай университетінде 21 мамырға дейін дәріс оқиды.

 

  alt=  

  alt=  

 

Баспасөз қызметі