қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
10.05.2024

Жатақхана студенттерімен «Дүрбелеңсіз емтихан» тренинг апталығы өтті


2024 жылдың 2-10 мамыр аралығында жатақхана студенттеріне Психологиялық қолдау қызметі психологтарының ұйымдастыруымен «Дүрбелеңсіз емтихан» психологиялық тренингі өтті. Тренингке №1, 2, 3, 5 және 8 жатақханадан 100-ден астам студенттер қатысты.

 

Тренингтің негізгі мақсаты - студенттердің емтихан алдында эмоционалдық қысым деңгейін төмендету, уайым мен мазасыздықтан арылуға көмектесу және өзін-өзі реттеу дағдысы, релаксация әдістері, күйзелістен арылу жолдарымен таныстыру.

 

Тренинг қатысушылардың бір-бірімен жақын танысып, топта қолайлы жағдай туғызу мақсатында «Шынтақпен амандасу» танысу жаттығуымен басталды. Негізгі бөлімге емтихан алдындағы қорқынышты жеңуге, жағымсыз әсерлер мен эмоционалдық стрессті азайтуға бағытталған «Емтихан бейнесі» жаттығуы жүргізілді. Сондай-ақ, емтиханда өздерін жақсы сезініп, студенттердің бойындағы сенімділікті арттыруға бағытталған «Менің ресурстарым» жаттығуы өткізілді. Студенттердің бойындағы физикалық қысымды жеңілдетуге арналған «Мұздық» және «Тыныс алу жаттығулары» жүргізілді.

 

Тренинг соңында, студенттерге емтиханға дайындық бойынша психологиялық ұсыныстар таратылды.

 

  alt=  

  alt=  

 

Психологиялық қолдау қызметі