қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
06.05.2024

Алмалы ауданында мансап күні өтті

 

                

 

Іс-шараға 70-тен астам жетекші компания мен 2 мыңнан астам жас қатысты.

 

Алматы қаласының Алмалы ауданында жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектерін, сондай-ақ қаланың жұмыссыз жастарын жұмысқа орналастыруға бағытталған Almaly Career Day мансап күні өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

 

Іс-шараға Алмалы ауданы әкімі Шамшин Арман Нұржанұлы және Жастар саясаты басқармасының басшысы Мендіғалиев Қайыржан Ермекұлы қатысты.

 

- Бүгінде ауданда 14 пен 35 жас аралығындағы 83 мыңнан астам (83 407) жас тұрады, оның ішінде NEET жастарының үлесі 4,7 мың (5,6%) құрайды. Жастарды жұмыспен қамту - олардың еңбек нарығына табысты интеграциялануын және өңірдің әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету жолындағы маңызды тақырып. Мұндай іс-шараларды өткізу - жастарды қолдау және NEET санатындағы жастарды азайтудағы маңызды қадам, - деді Алмалы ауданының әкімі Арман Шамшин.

 

Іс-шараға IT, қаржы, білім беру сынды әртүрлі саладағы 70-тен астам жетекші компания мен 2 мыңнан астам жас қатысты. Қатысушылар арасында бос жұмыс орындарын ұсынуға дайын ірі корпорациялар да, перспективалы стартаптар да болды.

 

- Жастарды жұмыспен қамту үшін қалалық «Мансап» орталығы ашылып, қажетті мамандықтар бойынша қысқамерзімді курстар басталды. Jas Almaty мобильді қосымшасы іске қосылды. Сонымен қатар қаламыздың әр ауданында 8 комьюнити-орталық ашылды. Әр орталықта жұмысқа орналастыру бойынша консультанттар көмек көрсетеді. Дәл осындай мансап күндері әр ауданда өткізу жоспарлануда. Келесі Мансап күні 10 мамырда Медеу ауданында өтеді, - деді Жастар саясаты басқармасының басшысы Қайыржан Меңдіғалиев.

 

Дәл осындай бастама Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде де өтті. Іс-шараға жұмыс беруші 135 мекеме қатысты. Оның ішінде орта білім беру, жеке білім беру ұйымдары мен өндірістік жеке компаниялар бар.

 

- Бос орындар жәрмеңкесі жылда өтеді. Себебі бұл - жұмыс берушілер мен түлектер арасындағы дәнекер, - деді Абай атындағы ҚазҰПУ академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков.

 

Айта кетейік, Мансап күндері - үздік компаниялар бос жұмыс орындары мен дарынды мамандар үшін мүмкіндік ұсынатын алаң. Айдың соңына дейін осындай бос орындар жәрмеңкесі қаламыздың барлық ауданында өтеді.

 

06.05.2024

Ақпарат көзі: almaty.tv