Негізгі бет
Жаңалықтар
15.05.2024 Абай университетінің өкілдері Әйтеке бидің 380 жылдығына арналған халықаралық шараға жолға шықты 2024 жылдың 14 мамырында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің өкілдері Өзбекстан мемлекеті, Навои қаласында өтетін Әйтеке бидің 380 жылдығына арналған халықаралық шараға жолға шықты. Бұл шараға түркі мемлекеттері және халықаралық ұйымдардан мәртебелі меймандар шақырылған.
Ағымдағы жылдың 14-19 мамыр аралығында Өзбекстанның Қазақ ұлттық мәдени орталығының облыстық филиалы бірлескен Әйтеке бидің 380 жылдық мерейтойына арналған шараға университет өкілдері: әлеуметтік даму жөніндегі проректор Мақсат Жақауов, Психологиялық қолдау қызметінің жетекшісі Саида Қосбай, «Мансап» орталығының басшысы Рақымберді Жетібай және Өнер факультетінің студенттері барды.
Айта кетсек, кіші жүздің биі атанған Әйтеке бидің кесенесі Өзбекстанның Наваи облысында орналасқан. 2008 жылға дейін оның қайда жерленгені беймәлім болып келіп еді. Кейін жергілікті халықтан сұрастыра келе, Науаи облысының Нұрата ауданында Әйтеке бидің зираты анықталып, зерттеу жұмыстары жүргізілген.
Артынша, яғни 2009 жылы ұрпақтарының, белгілі саяси қайраткерлер және жергілікті қазақтардың қолдауымен кесене бой көтерді. Содан кейінгі жылдары кешеннің маңына мешіт, музей, шырақшыға арналған үй-жай салынып, кесене 2012 жылы толық ашылған.
Әлеуметтік даму және жастар саясаты жөніндегі департамент |