қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
17.05.2024

QS Халықаралық университеттер рейтингінің өкілі Сергей Христолюбовпен кездесу


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың QS халықаралық университеттер рейтингінде одан әрі ілгерілеу, хабардарлықты арттыру мақсатында университеттің құрылымдық бөлімдері басшыларының QS аймақтық директоры Сергей Христолюбовпен кездесуі өтті.

 

Кездесу барысында QS рейтингтер желісіндегі университеттің ағымдағы жағдайы мен әлеуетті мүмкіндіктерінің өзекті мәселелері талқыланды. С.Христолюбов QS by Subject рейтингінде алға жылжу мүмкіндіктері бойынша сараптамалық талдауын ұсынды. Абай университеті ұсынған талдауға сәйкес университет бұл рейтингте 19 пәндік сала бойынша жеткілікті күшті позициялар мен әлеуетке ие екенін атап өтті. Белгілі болғандай, университет «Білім және оқыту» және «Ағылшын тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша 54 және 93 позициялармен 2024 жылғы әлемдік пәндік рейтингтің үздік жүздігіне енді.

 

Кездесу қорытындысы бойынша QS жаңа рейтингтік циклін талқылауда сараптамалық-консультациялық қолдауды одан әрі дамыту туралы келісімге қол жеткізілді.

 

  alt=  

  alt=  

  alt=  

 

Стратегия департаменті