қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
23.05.2024

            Алматыда Жошы ұлысының 800 жылдығына орай ғалымдар бас қосты

 

                

 

XIII-XV ғасырларда Еуразия құрлығының басым бөлігінде - Ертістен Дунай өзеніне дейінгі орасан зор аумақты қамтыған Алтын Орда империясының тарихы әлі толық зерттелген жоқ. Себебі, көне тілде жазылған архив құжаттарын қаузайтын маман тапшы, деп хабарлайды 24KZ.

 

Бүгін Алматыда отандық және шетелдік ғалымдар бас қосып, Жошы ұлысы тарихын зерттеудің ғылыми мәселелерін талқылады.

 

Әлемге Алтын Орда атымен танымал Жошы ұлысы Шыңғысхан империясының төрт бөлінісінің ішінде ең ұзақ өмір сүрген мемлекет екендігі тарихтан мәлім. «Алып империяның көрші ұлыстармен дипломатиялық қарым-қатынасы жаңа мемлекеттердің қалыптасуына әсер етті», - дейді зерттеушілер.

 

Абдуллах Гюндоғду, Анкара университетінің профессоры (Түркия):

 

- Атақты орыс тарихшысы Карамзин айтады: «Біз империя саясатын Жошы ұлысынан алдық деп. Ресей империясы һәм бүкіл Еуразия халықтарының тарихы Алтын Орда ішінде. Бірақ Қазақстанның мемлекеттілігі Алтын Орда негізінде. Алтын Орда негізінде құрылған Қазақ хандығы мемлекеттігіміздің тамыры тереңде екенінің айқын көрінісі. «Алайда, атақты ұлыстың тарихын хронология шеңберінде ғана емес, жүйелі түрде зерттеудің маңызы зор», - дейді мамандар.

 

Нұрлан Атығаев, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор:

 

- Қиындық - деректердің кем болуында. Ол деректердің көбі араб, парсы тілдерінде жазылған. Қытай тілдерінде жазылған. Оның зерттейтін мамандардың аздығынан әлі Алтын Орданың көп беттері әлі анық емес бізге.

 

Олқылықтың орнын толтыру мақсатында жақында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан тарихы» кафедрасы ашылды. Енді жас ғалымдар жаңа зерттеу бағыттары бойынша білім алады.

 

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Сержан Жұмабаев

 

23.05.2024

Ақпарат көзі: 24.kz