қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
27.05.2024

Абай университетінің ректоры Сингапурда өткен форумға қатысты

 

2024 жылдың 19-23 мамыры аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Болат Тілеп Сингапурде өткен «Kazakhstan-Singapore Forum: New Partnerships Frontiers in Science and Higher Education» форумына қатысты. Бұл сапарды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі еліміздің жоғары оқу орындарының басшылары үшін ұйымдастырды.

 

Форумға қатысу мақсаты - халықаралық байланыстарды нығайту, ғылым және жоғары білім саласындағы озық тәжірибемен алмасу, сондай-ақ Қазақстан мен Сингапур университеттері арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту.

 

Nanyang Technological University (Сингапур) өткен форум аясында ҚР жоғары оқу орындарының ректорлары жоғары білім беру саласындағы кәсіподақтардың маңыздылығына, мемлекеттік саясатты зерттеулерге интеграциялауға, жоғары оқу орындарын дамыту үшін зерттеулердің маңыздылығына, университеттерді стратегиялық жоспарлауға және оларды жедел дамытуға арналған дәрістерге қатысты. Сондай-ақ, қазақстандық делегация мүшелері жоғары оқу орындарында персоналды басқару бойынша семинарға қатысты, онда қызметкерлерді ынталандырудың маңыздылығы талқыланды. Nanyang Technological University мен медицина факультетіне экскурсия ұйымдастырылып, университеттің оқу және ғылыми қызметі таныстырылды.

 

Сонымен қатар, Болат Тілеп Сингапурдың аға министрі Дезмонд Тан сияқты спикерлермен кездесті. Кездесу барысында жоғары оқу орындары мен ұйымдардағы кәсіподақтардың жұмысының жаңа формалары мен болашағы, сонымен қатар университеттерді дамытудағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының рөлі туралы мәселелер талқыланды.

 

Отандық жоғары оқу орындарының ректорлары Қазақстан-Сингапур білім беру форумына және бірқатар бизнес-форумдарға қатысты, бұл екі ел арасындағы әріптестік байланыстарды нығайтуға және ғылым мен жоғары білім саласындағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін ашуға ықпал етті.

 

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=