қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
28.05.2024

Булат Окуджаваның 100 жылдығына арналған кеш 

 

 2024 жылы үш мерейтой атап өтіледі. 6 маусым - Александр Сергеевич Пушкиннің туғанына 225 жыл, 9 мамыр - Болат Шалвович Окуджаваның туғанына 100 жыл, 15 қазан - Михаил Юрьевич Лермонтовтың туғанына 210 жыл.

 

Ақын, жазушы, авторлық әннің атасы Болат Окуджаваның туған күні қарсаңында Филология факультетінің «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасы және Алматы қаласының № 165 мамандандырылған лицейі «Қол ұстасайық, достар!» әдеби кеш өткізді.

 

Мереке №165 мамандандырылған лицейдің 10 сынып оқушылары мен Абай атындағы ҚазҰПУ Филология факультеті студенттерінің бірлескен бағдарламасынан басталды. Филология факльтетінің магистранттары ақынның шығармашылығы туралы презентация дайындады, ал лицейдің 10 сынып оқушылары Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Марина Асылбекова мен сынып жетекшісі Ольга Стрельцованың жетекшілігімен әдеби композиция ұсынды.

 

Б.Окуджаваның орыс әдебиетінің алтын ғасыры ақындары А.Пушкин мен М.Лермонтовпен шығармашылық диалогы кеш қонақтарының баяндамаларында көрініс тапты. Б. Окуджаваның Пушкинианасы туралы ф.ғ.д., А. С. Пушкин атындағы Мемлекеттік орыс тілі институтының филологиялық зерттеулер зертханасының бас ғылыми қызметкері Эльмира Афанасьева айтты. Қатысушыларға Б. Окуджаваның «Было нельзя воротить и печалиться не о чем...» және «Счастливчик Пушкин» өлеңдеріне талдау ұсынылды.

 

«Кездесу» өлеңіндегі екі дауыстың - Б.Окуджава мен М.Лермонтовтың - тоғысуы туралы әдеби кеш қонақтары ф.ғ.д., Н.А.Добролюбов атындағы Нижний Новгород мемлекеттік лингвистикалық университетінің доценті, жетекші ғылыми қызметкер Мария Александрованың әңгімесінен білді.

 

Әдеби кешті аяқтай отырып, «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі Сәуле Әбішева барлық қатысушыларға Болат Окуджава туралы жүрек жарды және қызықтырарлық әңгімелері үшін алғысын білдіріп, ақынның сүйікті өлеңін оқыды.

 

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=