қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
28.05.2024

Өндірістік практика

 

2024 жылдың 27 мамырында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география факультетінің  «6В05301-ғылыми химия» бағытындағы 3 курс студенттерінің 2023-2024 оқу жылының оқу жоспары мен академиялық күнтізбесіне сәйкес, өндірістік практикасы басталды. Алдымен бас оқу ғимаратында түсіндірме жұмыстары негізінде конференция өткізілді. Жаратылыстану және география факультетінің директоры Куляш Каймулдинова студенттерге алдағы практикада сәттілік пен білімдерін тәжірибе жүзінде толықтыруды тіледі.

 

«Орталық Азия экология және қоршаған орта ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС ғылыми-өндірістік кәсіпорнында өндірістік практика жалғасын тапты. Ғимаратты таныстыру мақсатында студенттерге арнап кәсіпорын қызметкері Райхан Жыланбаева экскурсия өткізді. Студенттер өндірістік практикада практикалық жұмыстар орындап, арнайы берілген тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

 

Өндірістік практика жетекшілері: аға оқытушылар Кожабекова Н.Н. және Узакова А.Б.

 

Білім алушыларға өз білімдерін арттырып, өндірістік тәжірибеден сәтті өтуін тілейміз!

 

  alt=  

  alt=