қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
28.05.2024

«Поэтика және өлеңтану мәселелері X» Халықаралық ғылыми-теориялық конференция


2024 жылдың 23-25 мамыры аралығында Абай университетінде «Тарих тұлғалар мен тағдырларда: Abai University көрнекті филологтары» жобасы аясында Ұлы Отан соғысының ардагері, жазушы, ғалым, педагог Хасен Адибайұлы Адибаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Поэтика және өлеңтану мәселелері X» тақырыбында Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

 

Бірлескен ұйымдастырушы: Слупск қ. Помор университеті (Польша)

 

Конференцияның серіктестері: Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты; А.С.Пушкин атындағы мемлекеттік орыс тілі институты; Россотрудничествоның Қазақстан Республикасындағы өкілдігі (Алматы қ.).

 

Конференция аясында Ғали Бегалиевке және А.С. Пушкиннің 225 жылдығына арналған екі халықаралық дөңгелек үстел өткізілді.

 

Іс-шараға 10 елден: алыс шетел - Польша; АҚШ, Ұлыбритания, Италия, Латвия, жақын шетел - Ресей, Әзірбайжан, Грузия, Өзбекстаннан және Қазақстанның 8 қаласынан 166 ғалым қатысты.

 

Конференция лингвистика мен әдебиеттанудың өзекті мәселелері бойынша ғылыми білімдермен және жаңа зерттеу тәсілдерімен алмасу үшін платформа ұсынды, сондай-ақ әртүрлі елдердің зерттеушілері арасындағы ғылыми байланыстарды нығайтуға ықпал етті.

 

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=