қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
29.05.2024

«Ғылым мен білім берудің цифрлық трансформациясы» форсайт-сессиясы


2024 жылдың 24 мамырда Абай университетінің Педагогика және психология факультеті ұйымдастырған «Білім берудегі инновациялар: тәжірибе, проблемалар мен перспективалар» III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында профессор Марфуға Абсатованың 50 жылдық мерейтойына арналған «Ғылым мен білімнің цифрлық трансформациясы» форсайт-сессиясы өтті.

 

Форсайт-сессия университеттің академиялық қызмет жөніндегі проректоры Бану Нарбекованың құттықтау сөзімен басталды. Проректор ғалымның ғылыми және кәсіби жетістіктерін атап өтті: профессор Марфуға Абсатованың жетекшілігімен 6 PhD докторы, 53-тен астам педагогика ғылымдарының магистрлері дайындалды, 450-ден астам ғылыми еңбектері жарияланды. Мерейтой иесі - ЖОО-ның үздік оқытушысы-2012, «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі, Абай атындағы ҚазҰПУ цифрлық педагогы, іргелі, қолданбалы және университет ішіндегі 6-дан астам жобаның орындаушысы және қазіргі уақытта гранттық қаржыландыру жобасының жетекшісі болып табылады. М. Абсатоваға ҚР ҒЖБМ «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі және Алғыс хат табыс етілді.

 

Модератор - Педагогика және психология факультетінің деканы Ғалия Абаева мен педагогика кафедрасының меңгерушісі Шолпан Колумбаева болды.

 

Форсайт сессияның спикерлері болып Назарбаев Университетінің Вице-президенті, PhD докторы Дархан Билялов «Жоғары білім берудегі инклюзия: жасанды интеллект қалай көмектесе алады?», ҚР ҒЖБМ Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы директорының орынбасары Шыңғыс Нұрланов «Студенттердің оқуын жақсарту үшін АИ пайдалану» тақырыбымен, ҚазСТА ғылым және стратегиялық даму жөніндегі проректоры, PhD докторы Айдын Дошыбеков «Олимпиадалық білім беру форсайт зертханасының енгізу тәжірибесінен» тақырыбымен, №157 мектеп мұғалімі Нұрсұлу Әкімова «Білім берудегі Геймификация» тақырыбымен, профессор Марфуға Абсатова «Abai Honors College бағдарламасының цифрлық сүйемелдеуі» тақырыптарында баяндама жасады.

 

Баяндамалардың өзектілігі қатысқан ғалымдар арасында қызу ғылыми пікірталас тудырып, білім беруді цифрландыру бойынша өздерінің белсенді ұсыныстарын білдірді.

 

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=