қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
30.05.2024

Абай атындағы ҚазҰПУ ғалымдары Түркияның Istanbul University-де ғылыми тағылымдамадан өтті


2024 жылғы 5-28 мамыр аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ ғалымдары - Педагогика және психология факультетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Ниетбаева Гүлмира, аға оқытушылар Кудушева Нұрғайша және Дауткалиева Перизат Түркияның ең көне университеттерінің бірі - Istanbul University-де ғылыми тағылымдамадан өтті.


Ғылыми тағылымдаманың мақсаты - білім мен ғылымды дамыту қажеттіліктеріне жауап беретін серіктестік қатынастарды орнату негізінде ғылыми зерттеулердің сапасы мен тиімділігін арттыру. Түркиядағы ғылыми тағылымдама Стамбул университетінің «Фараби» Еуразиялық ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Абдулла Кизильчикпен кездесуден басталды, онда алдағы іс-шаралар жоспары талқыланды.


Тағылымдаманың негізгі бағыттарының бірі Стамбул университетінің жетекші ғалымдарымен бірлескен ғылыми-зерттеу жұмысы болды, онда қазақстандық оқытушылар дәрісті талқылауға қатысып, психология кафедрасының меңгерушісі, профессор Пнар Унсалмен кездесу өткізді. Кафедра ғалымдарының онлайн форматында дәріс оқуы және тренингтер өткізуі бойынша бірлескен жоспарлар талқыланды. Келесі іс-шара ғылыми орталыққа бару және университеттің ғылыми кітапханасының ресурстарымен жұмыс істеу болды. Психология кафедрасының меңгерушісі Пнар Унсал ғалымдарды психология зертханасымен таныстырды. Ғылыми тағылымдама қорытындысы бойынша қатысушыларға Istanbul University-де тағылымдамадан өткені туралы сертификаттар табыс етілді.

 

  alt=  

  alt=