Негізгі бет
Жаңалықтар
03.06.2024 Абай университетінің студенті республикалық олимпиадада 1 орын иеленді 2024 жылдың 29-30 мамырында Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да «Шетел тілі: екі шет тілі (ағылшын тілі)» білім беру бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында Республикалық пәндік олимпиада өтті. Олимпиада ұйымдастырушылары Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің Академиялық Мәселелер Жөніндегі Департаменті мен Филология факультетінің шетел тілдерінің теориясы мен практикасы кафедрасы болды. Бұл олимпиадаға еліміздің 24 университетінен 100 студент қатысты. Олимпиадаға Абай университетінің Филология факультеті, шетел тілдері кафедрасының төрт студенті (Әлнұр Бақзор, Төрекелді Айхан, Өскенова Айсана, Абдуманап Ақжан) қатысып, бақтарын сынады.
Айта кетейік, аталмыш студенттер 15 ақпан 2024 жылы шетел тілдері кафедрасы ұйымдастырған университет ішілік олимпиада нәтижелері бойынша іріктеліп алынды.
Университет ішілік олимпиаданың
1-кезеңі: қатысушылармен ағылшын тілінде әңгімелесу және білім беру бағдарламасы бойынша әдістемелік сұрақ-жауап. 2-кезеңі: үй тапсырмасы бойынша жобаны қорғау.
Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша 4 - курс студенті Әлнұр Бақзор I дәрежелі дипломмен, ал Төрекелді Айхан және Өскенова Айсана үздік нәтижелері үшін дипломдарымен марапатталды. Ғылыми жетекшісі - Дана Шаяхметова, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент).
Студенттердің олимпиадаға белсенді қатысуын шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі Серік Иватов пен жауапты оқытушы Әсем Муслимова ұйымдастырды.
|