Негізгі бет /
БАҚ біз туралы
03.06.2024 Абай музейінде білім-ғылым саласында музей мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелері талқыланды
Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында дөңгелек үстел өтті. Іс-шарада білім-ғылым саласында музей мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелері талқыланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында "Абай мұрасы және заманауи музей: таным, білім-ғылым және тәрбие тоғысы" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Мәдениет және ақпарат министрінің кеңесшілері Шерхан Талап және Ербол Алшынбай қатысып, министр Аида Балаеваның құттықтау хатын табыстады. "Бүгінде Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен абайтану ғылымы мен музей ісін өркендетуде ауқымды шаралар қолға алынуда. Абай мұрасын насихаттау - музей қызметкерлерінің басты міндеті", -деді Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы" директоры Ұлан Сағадиев. Қатысушылар ұрпақ тәрбиесінде Абай шығармаларын оқытуда мемлекет тарапынан ерекше назар аударылып отырғанын тілге тиек етті. Жиын соңында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің "Хәкім Абай" орталығының директоры Жабал Шойынбеттің "Абай қарасөздерінің ерекшеліктері" кітабының тұсаукесері мен Абай шаңырақтарының арасындағы ынтымақтастықты арттыруға бағытталған меморандумға қол қою рәсімі өтті.
03.06.2024 Ақпарат көзі: nur.kz |