қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
04.06.2024

Абай университетінде қаржы пирамидалары туралы онлайн-форум өтті

 

2024 жылдың 4 маусымында Абай университетінде ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ұйымдастыруымен «Қаржы пирамидаларын қалай тануға болады?» тақырыбында онлайн-форум өтті. Maqsut Narikbayev University алаңында өткен офлайн форумға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жасұлан Мадиев, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова, облыстық әкімдіктердің, Астананың және Республикалық маңызы бар қалалардың басшылығы, белгілі медиа тұлғалар мен танымал блогерлер қатысты. Форумды онлайн режимде Қазақстанның 35 жетекші жоғары оқу орындарынан оқытушылар мен студенттер тыңдады.


Халықтың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру, интернет желісіндегі құқыққа қарсы контент жарияланымдардың алдын алу, әлеуметтік желілердегі заңбұзушылық, салық төлеу, заңсыз контентті жарнамалауға тыйым салу тақырыптары талқыланған форумға Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Нұржан Исмагулов, Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма бөлімінің басшысы Ляззат Мырзабекова, «Жастар Рухы» Жастар қанатының төрағасы Асель Заирова, ZTB.KZ паблигінің негізін қалаушысы, медиаменеджер Марғұлан Тұрсынов, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Мақсат Жақауов, оқытушылар мен студенттер қатысты.


Өз кезегінде сөз алған Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үндеуіндегі негізгі үш концепцияға тоқтала келе, «Маңдай терсіз мал таппақ - негізсіз. Адал еңбекпен табыс табу - Адалдыққа жетелейді. Біз сол арқылы Әділетті Қазақстанды құрамыз. Алданбаңыздар», - деді.


ZTB.KZ паблигінің негізін қалаушы Марғұлан Тұрсынов әлеуметтік желідегі алаяқтармен күрес үнемі жүргізіп отыратынын, оқырманы екі миллионнан асатын ZTB.KZ парақшасына күдікті жағдайлар туғызатын ақпаратты салмайтынын жеткізді. Ал, жарияланым астындағы жарнама берушілермен арнайы мемлекеттік органдар айналыспаса, оларды сол уақытта бірден өшіру мүмкін емес, спамдарға алданған тұрғындарға жауапкершілік алмайтындарын айтты.


Қаржы пирамидасы - азаматтардан заңсыз ақша жасаудың ең белгілі әрі таралып кеткен әдісі. Форум аясында заңсыз жолмен табыс тапқан азаматтардың жаза арқалайтыны туралы да айтылды.


Форум қатысушыларына қаржылық пирамидалардың арбауына түсіп қалмау үшін халықтың қаржылық, құқықтық сауаттылығы мен құқықтық мәдениетін арттыру керек екені түсіндірілді. Мұндай қиындықпен қарсы келген жағдайда белгілі заң орындарына жүгіну керектігі жеткізілді.

 

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=