Негізгі бет
Жаңалықтар
05.06.2024 Институционалдық аккредиттеуден өту туралы
Абай университеті ұжымын 5 жыл мерзімге халықаралық институционалдық аккредиттеуден сәтті өтуімен құттықтаймыз. Университетке халықаралық институционалдық аккредиттеу сертификатын беру туралы шешімді Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің (IAAR) Аккредиттеу кеңесі 2024 жылдың 31 мамырында қабылдады.
Институционалдық аккредиттеуден өту жұмысына белсенді қатысқан барлық құрылымдық бөлімшелерге, профессор-оқытушылар құрамына, білім алушыларға, жұмыс берушілер мен түлектерге үлкен алғысымызды білдіреміз.
Сіздерге өнімді табыстар мен даму, сондай-ақ білім беру саласындағы көшбасшылық позицияларды сақтауды тілейміз. Біздің университет болашақ білім алушылар үшін білім мен шабыттың сенімді көзі болып қала бермек!
Институционалдық тиімділік кеңсесі |