Негізгі бет
Жаңалықтар
30.05.2024 Электронды құжаттар айналымын жүргізу семинары
Университеттің қызметкерлері үшін «Salem» жүйесі және «Outlook» корпоративтік почтасында жұмыс жасау тәртібі бойынша оқу семинары ұйымдастырылды. Семинар барысында Аппарат басшысының орынбасары Қазына Бекбенбетова қатысушыларды университеттің жаңа ұйымдастыру жүйесімен таныстырып, соған сәйкес электронды құжаттар айналымына енгізілген жаңа тәртіптер мен ережерлер туралы айтып өтті. Қазына Бекбенбетова электронды жүйедегі қолданыстағы қызметтік хаттар мен келісім-шарттарды жүргізу тәртібі туралы сөз қозғап, ішкі және сыртқы іс-сапарларға шығу барысында құжаттарды дұрыс рәсімдеу қажеттігін түсіндірді.
Ректор аппараты |