11.06.2024
Абай университетінің студенттері Біріккен Ұлттар Ұйымының «Жаңа Жібек жолы моделі - 2024» жастар конференциясында
2024 жылдың 8 маусымында Біріккен Ұлттар Ұйымының «Жаңа Жібек жолы моделі-2024» жастар конференциясы өтті. Конференция аясында бірнеше комитеттер жұмыс істеді, соның ішінде:
БҰҰ Бас Ассамблеясы-Климаттың өзгеруі: әрекетке шақыру;
UN Women&UNFPA-Білім және гендерлік теңдік;
Табиғи апаттардың алдын алуға және олардың салдарын азайтуға назар аудару.
Абай университетінің студенттері БҰҰ - ның Климаттың өзгеруі жөніндегі бірінші комитеті-Бас Ассамблеясының жұмысына белсене қатысты.
Конференцияда климаттың өзгеруіне қатысты маңызды мәселелер талқыланды. Абай университетінің студенттері климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимылға шақыруға өз үлестерін қосты.
Студенттерімізді конференцияға табысты қатысуымен құттықтаймыз және оларға халықаралық қызметте сәттілік тілейміз!