қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
24.06.2024

Абай университетінің докторанттары балаларды ерте дамыту саласында семинар-тренингтен өтті


2024 жылдың 18-21 маусымы аралығында «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» ББ 1-3 курс докторанттары балаларды ерте дамыту саласындағы мамандарға арналған «Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуын бақылау, ерте жас көмек және қолдауда отбасына бағытталған тәсіл» тақырыбындағы семинар - тренингтен өтті. Дәрісті ЮНИСЕФ-тің ұлттық серіктесі болып табылатын «Отбасы академиясы» отбасын кешенді қолдау орталығы ұйымдастырды.


Офлайн түрде өткен семинар-тренинг 2 негізгі бөлімді қамтыды:

- кәсіби дағдылар - таңдалған тақырыптық салалар бойынша білімді енгізу және жаңарту;

- 0-7 жас аралығындағы балалардың ата-аналары мен қамқоршыларының ерте жастағы балалардың дамуын заманауи мониторингілеудегі маңызы.

 

Семинар-тренингте докторанттар ерте және мектеп жасына дейінгі балаларға мониторинг жүргізудің озық тәжірибелерімен таныстырып, балалар мен ата-аналар қарым-қатынасы мәселелерін қарастырды, 0-7 жас аралығындағы балалардың ата-аналарымен және қамқоршыларымен практикалық іс-әрекет (кейс-жағдайлар мен жаттығуларды шешу) процесінде мамандардың жұмыс ерекшеліктерін зерттеді.


Аталған жиын мамандарға және жаттықтырушыларға құнды тәжірибелерімен бөлісуге және балалардың ерте даму ерекшеліктерін тереңірек білуге мүмкіндік берді.

 

  alt=  

 

  alt=