Негізгі бет
Жаңалықтар
28.06.2024 Бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық сауаттылығын қалыптастыру
2024 жылдың 24-25 маусымы аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институты, бастауыш білім беру кафедрасының 1 курс докторанты Алуа Ибрайханова Алматы қаласындағы №14 кітапханада бастауыш сынып оқушыларымен «Жазғы демалысқа жақсы кітаппен» тақырыбында экскурсия жүргізді.
Экскурсияның мақсаты - мұғалім-бала-ата-ана ынтымақтастығы негізінде бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық сауаттылығын қалыптастыру, жазғы демалыс кезіндегі бос уақыттарын тиімді өткізу.
Экскурсия барысында кітапханаға келген кішкентай оқырмандар мен ата-аналарға кітап әлеміне саяхат ұйымдастырылды. Саяхат кезінде кітапханаға жаңадан түскен балалар әдебиеттерінен жиналған «Кітап әлеміне саяхат» атты кітап көрмесі таныстырылды.
|