қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
28.06.2024

Өлкетану тарихын зерттеуіндегі ғылыми еңбек жарыққа шықты

 

2024 жылдың 24 маусымында Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Атырау облысының тарихы көне заманнан күні бүгінге дейін» атты үш томдық кітаптың тұсаукесері өтті. Кітап Ежелгі және орта ғасырлардағы, жаңа кезеңдегі және Кеңестік, сондай-ақ тәуелсіздік жылдарындағы Атырау аймағының тарихын кезеңдер бойынша жеке-жеке том ретінде үш томдық ұжымдық еңбек дайындау бойынша қолға алынған жоба аясында жарық көрді. Жобаның ғылыми жетекшісі Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Тарих және құқық факультеті, әлем тарихы кафедрасының профессоры Болат Жумагулов.


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландыруы бойынша Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының үш жылға жоспарланған «Атырау облысының тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін» ғылыми жобасы осылайша өз мәресіне жетіп отыр.

 

  alt=  

 

  alt=