қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
28.06.2024

Абай университетінің докторанттары Ыстанбұл қаласында өткен халықаралық симпозиумға қатысты

 

2024 жылдың 24 маусымында Абай атындағы ҚазҰПУ Филология факультеті қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасының докторанттары Жанерке Изтаева мен Назерке Нәби Түркия Республикасы, Ыстанбұл қаласында өткен «Білім беру саласындағы Инновациялық Технологиялар: Теория және Тәжірибе» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік II дәстүрлі симпозиумға қатысты. Изтаева Жанерке «Zero morpheme in the case category as a result of cognition», Нәби Назерке «Innovative achievements in education: 4C model» тақырыбында баяндама жасады. Ыстанбұл университетінде өткен халықаралық симпозиумда мамандар білім берудегі инновациялық әдістемелерді, яғни жасанды интеллектіні білімде тиімді пайдалану секілді мәселелелерді қарады.

 

  alt=  

 

  alt=