қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
01.07.2024

Математика, физика және информатика факультеті 950-ден астам түлекке диплом табыстады


2024 жылдың 27-28 маусымында біз маңызды оқиғаның куәсі болдық - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Математика, физика және информатика факультетінің түлектері лайықты дипломдарын алды! Ағымдағы оқу жылында факультетімізді 763 бакалавр және 191 магистр табысты аяқтады, оның ішінде 159 түлек үздік диплом алды.


Студенттер мен магистранттар келесі ғылым салаларында 17 білім беру бағдарламасы бойынша білім алды: педагогикалық ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.


Жаңа 2024/2025 оқу жылында Математика, физика және информатика факультеті бакалавриаттың 11 білім беру бағдарламасы (ББ) бойынша 750-800 білім алушыны және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің 14 ББ (магистратураның 8 ББ және докторантураның 6 ББ) бойынша 200-250 талапкерді қабылдауға дайындалуда.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=