қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
01.07.2024

Қытай-Орта Азия конференциясы: Өндіріс, білім беру және инновация интеграциясы


2024 жылдың 26-27 маусымында Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы үкіметінің ұйымдастыруымен Қытайдың Үрімжі қаласында Азия-Еуропа Expo көрмесінің аясында өндіріс, білім беру және инновацияларды интеграциялау бойынша Қытай-Орталық Азия халықаралық конференциясы өтті.


Конференцияның мақсаты - 2023 жылы «Қытай - Орталық Азия» саммитінде және ІІІ Халықаралық ынтымақтастық форумында «Бір белдеу, бір жол» аясында қол жеткізілген ынтымақтастық келісімдерін іске асыру. Қатысушылар білім беру саласындағы екіжақты және көпжақты алмасуды тереңдету, Орталық Азия және Қытай ұлттық білім беру органдары мен университеттері арасында тұрақты ынтымақтастық механизмін құру, білім беруді дамыту тәжірибесімен алмасу платформасын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.


Конференцияға Абай атындағы ҚазҰПУ атынан педагогика ғылымдарының кандидаты Т. Игисинов және профессор Қ. Сарқытхан және басқа да көрнекті саяси қайраткерлер, білім министрлері және вице-министрлер, Қытай мен Орталық Азия елдерінің университет топ-менеджерлері мен өкілдері қатысты.


Конференция аясында Абай университетінің өкілдері Іле педагогикалық университеті және Каши университетімен білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізді.

 

  alt=  

 

  alt=